«Южный регион экспертиза» ЖШС – ОҚО АСӨП-ның еншілес кәсіпорны болып табылады, төменде көрсетілген қызмет түрлерін ұсынады: • Шығарған ел сертификатын рәсімдеу үшін тауардың шығу тегіне сараптама жасау (СТ формасы, А формасы,) Тауардың шығу тегі туралы сертификат кәсіпкерге әкелінетін елде кедендік баж салығын төлеуге қаражатты үнемдей отырып, жеңілдік ұсынатын елге тауарды баж салығынсыз немесе жеңілдетілген баж салығымен әкелу бойынша жеңілдетілген режим алуға мүмкіндік береді. Тауарды шығарған ел ретінде сол тауар толығымен өндірілген немесе қазақстанда жеңілдікті ұсынатын елде қарастырылған критерийлер мен тәртіпке сәйкес тиісті қайта өңдеу жасалған ел болып есептеледі. Тауар шығарылған елді анықтау бойынша сараптама жасау таяу және алыс шетелдердегі елдерге шығарылатын қР өніміне шығу сертификаттарын куәландыруға негіз болады. ТМД және ЕО-на шығарылатын өнімге шығу сертификатының болуы қазақстандық тауарларды шетелден әкелушіге, әсіресе кедендік баж салығтары мен ҚР-да жеңілдіктер алуға мүмкіндік береді. «ЮРЭ» ЖШС-нің қызметкерлері шығу тегіне сараптама жүргізу бойынша сараптамашы-аудитордық мемлекеттік сертификаттарына ие.
Оңтүстік ҚазақстанОблысының АумақтықСауда-Өнеркәсіп Палатасы
Біз тұралы | Қызметтер | Іс ұсынымдары | Іс шаралары | Серіктестер | Сұрақ-жауап | Байланыс