Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын, кәсіпкерлікті дамытуда қолайлы шараларды жасау үшін, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді ерікті түрде біріктіретін коммерциялық емес және мемлекеттік емес ұйым болып табылады.
Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасының мүшесі болып табылады. (ҚР СӨП Президиумының 22.10.2005ж. №2 қаулысы), Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы заң шеңберінде өз жұмысын атқарады.
ОҚО АСӨП мақсаттары Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы заңымен анықталған: • Экономиканы дамытуда қолдау көрсету • мемлекеттік және жергілікті органдарда, сонымен қатар шетел мемлекеттерінде кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау • Қазақстан тауарларының және қызметтірінің экспортын арттыру, әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграциялау • Заманауи сауда және өнеркәсіп инфраструктурасын құру • Кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы шарттар жасау
Жаңа заң аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарына: • Коммерциялық емес ұйымның жеке ұйымдық құқықтық формасының ерекше статусын алуға; • бір палатамен қызметтің анық аумағын заңды түрде бекітуге; • СӨП жүйесінің қызметтерін кеңейтуге; • Өкілдік қызметтерін және кәсіпкерлер, сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлік мүдделерін қорғауды толығырақ жүзеге асыруға; • Әлемнің арнайы заңнама және жұмыс тәжірибесі дәстүрлерінің негізінде жұмыс істеуші сауда-өнеркәсіп палаталары қызметінің халықаралық стандартына көшуге рұқсат берді.
Жақсы идеялар мен маңызды
жоспарлар дұрыс жиыстырған
қызметкерлер құрамынсыз бизнестің
өсуін қамтамасыз ете алмайды
Біз ішкі стандарттарға және халықаралық талаптарға сай болуға ұмтыламыз. Біз өзімізде, басқарудың ең үздік технологияларды ендірудеміз, инновациялар мен ноу-хауларды қолданудамыз. Бұл нормаларды жүзеге асыру, мамандарды заманауи білімдерге, дағдыларға, ептіліктерге сапалы оқытуды талап етеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы, оған жүктелген функциялар мен есептерді орындау үшін білікті мамандардың толық құрамына ие. ОҚО АСӨП, «ТПП ЭКСПЕРТ СНГ» жүйесінің сарапшылар реестріне енгізілген, мамандардың бір қатары сараптау және бағалауды өткізу саласында жұмыс жасаудың 20 жылдық тәжірибесіне ие.
Алайда, бәсекелі экономика шарттарында талап етілетін мамандардың кәсіпқой деңгейін жоғарлатпағанша, бізге жүктелген есептердің тиісті орындалуы мүмкін емес екендігін түсінеміз, ал тұтынушыларға сапалы қызметтерді ұсынуға бағытталған экономика секторларының тез өсуі дағдылар мен білімдер байлығын жаңғыртуын талап етеді. Бұл мақсатта ОҚО АСӨП мамандары тиісті сертификаттарды, біліктілік куәліктерін, аттесттарды ала тұра, азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларды, жабдықтарды сараптау, тауарлардың шығарылған елін анықтау сараптамасы, меншік нысандарын нарықтық бағалау және басқа салаларда нақты мамандандыру бойынша үнемі кәсіптік оқытудан өтеді. Біздің мамандар оқу курстарынан өтті:
• ҚР СӨП жанындағы «Казэкспертиза» ЖШС оқу орталығында «Сауда және өнеркәсіп тауарларының, шикізат, материалдар, құрылғылар мен машиналар сараптамасы» (Алматы қ. 2006ж. сәуір, 2008ж. наурыз), «Мұнай өнімдерінің экспертизасы» (Алматы қ. 2008ж. наурыз); • СМҒИ біліктілік дәрежесін жоғарлату және кадрларды қайта даярлау оқу орталығында «Сауда және өнеркәсіп тауарларының сараптамасы, құрылғылар, шикізат және материалдар», «Тауардың шығу елін анықтау бойынша сараптама» (Бишкек қ. наурыз 2008ж.); • «Мүлікті бағалау» бағдарламасы бойынша Қазақстанның бағалаушылар Ассоциациясы (Алматы қ. қазан 2008ж.).
Мына тақырыптар бойынша семинарларға қатысып сертификат алды:
• Германияның СӨП қатысуымен «Халықаралық сауда «А» формасындағы тауардың шығу елі туралы сертификат» (Тараз қ. қаңтар 2008ж.); • Тауардың шығуын анықтау бойынша «Тауардың шығуы жалпы преференциалды жүйеде», сонымен қатар «А» формасындағы сертификатты рәсімдеу және беру, Германия СӨП қатысуымен (Алматы қ. қыркүйек 2008ж.); • «Бағалаудың халықаралық стандарты. Қолдану тәжірибесі» (Бағалаушылардың республикалық Ассоциациясы, ақпан 2005ж.); • «Материалдық емес активтерді және зияткерлік меншікті бағалау», Қазақстанның бағалаушылар ассоциациясы (Павлодар қ. мамыр 2008ж.); • «Мүлікті бағалау» (Алматы қ. қазан 2008ж.); • Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің «Зияткерлік меншіктің Ұлттық институты» РМКК оқу орталығында «Тауар белгілерін тіркеу», (Алматы, шілде 2006ж); • Германияның СӨП – мүдделерді ұсыну, қызмет көрсету (Тараз қ. қараша 2007ж.); • Австрияның Экономикалық Палатасының қатысуымен ТАКИС жлбасы маркетинг негіздері, тайм менеджмент, бизнес-жобаны дайындау (Астана қ. желтоқсан 2007ж.); • ҚР СӨП және Ислам СӨП қатысуымен «Менеджмент және СӨП мықты қызметі» (Алматы қ. 2008ж.); • «Центрально-Азиатский региональный инстиут обучению женскому лидерству» жобасы аясында «Көшбасшылықты таңдаймыз», (Шымкент қ. қыркүйек 2007ж.); • «Әйел және бизнес», (Шымкент, қазан 2007ж.).
Оңтүстік Қазақстан Облысының Аумақтық Сауда-Өнеркәсіп Палатасы