Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы (ОҚО АСӨП) мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйым болып есептеледі, оның мақсаты кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады. жалғасы
3 мамыр 2005 жылы Қазақстан Республикасының «Сауда-өнеркәсіптік палаталар туралы» Заңы қабылданды.
2005 жылы қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы Қазақстан Республикасы сауда-өнеркәсіп палатасының мүшелігіне қабылданды (ҚР АСП 22.10.2005 жылғы №2 Қаулысы).
2005 жылы қараша айында Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы мүлікті бағалау бойынша қызметпен айналысуға №0011029, тіркеу нөмірі ЮЛ-00518 (23833-1958-АСП) Мемлекеттік лицензия алды.
Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасының мақсаттары ҚР «Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы» Заңымен айқындалған:
Заң аумақтық сауда-өнеркәсіптік палаталарға келесі мүмкіндіктерге жол ашты:
Кәсіпкерлік қызмет үшін және жалпы экономиканы дамыту үшін жағдайлар жасау мақсатында ерікті негізде жеке кәіпкерлер мен заңды тұлғаларды біріктіретін коммерциялы емес, мемлекеттік емес ұйымның жеке құқықтық формасының ерекше мәртебесін алу. Бір палатаға нақты бір қызмет аумағын заңды түрде бекіту. АСӨП жүйесінің өкілеттілігін кеңейту. Кәсіпкерлердің, соның ішінде кіші және орта бизнес мүддесін қорғау және өкілдік қызметін толық жүзеге асыру. Экономиканың дамуына көмек көрсету. Кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайлар жасау.
2012 жылдың 15 мамыр күні «Кеден – кәсіпкерлікпен ашық диалог» республикалық акциясының аясында Оңтүстік Қазақстан облысы Кедендік бақылау департаментінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Консультативтік кеңесінің Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының Сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен бірге «Кедендік әкімшілік ету үрдістерін жаңарту бойынша Қазақстан Республикасы кедендік органдарының жүргізіп жатқан шаралары» тақырыбында «дөңгелек үстел» түріндегі көшпелі мәжілісі болып өтті. жалғасы
15-05-2012
2012 жылдың 15 мамырында «ОҚО кәсіпкерлігі» Аймақтық Координациялық кеңестің отырысы болып өтті. жалғасы
15-05-2012
2012 жылдың 15-16-мамырында Алматы қаласында Еуропалық Одақтың «Орталық Азия Инвест» бағдарламасы бойынша «СASIP-SME – Зияткерлік жеке меншік саласында шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындары үшін, инновация мен нарықты қолдауға бағытталған қызмет көрсетулер» жобасын іске асыру аясында оқу семинары болып өтті. жалғасы
14-05-2012
Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы Еуропалық Кеңестің «Қазақстанда туристік секторды дамыту - StreTo» жобасын ұсынады. жалғасы
04-05-2012
2012 жылдың 27-28 сәуір күндері Астана қаласында «Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алулардың ерекшеліктері, «Самұрық-Қазына» ҰҚҚ АҚ Холдингісінің сатып алулар ережелері» тақырыбында семинар болып өтті. жалғасы
03-05-2012
Ағымдағы жылда шағын және орта кәсіпкерлік иелері мен кәсіпорындары қызметкерлеріне үлкен инвестициялық мүмкіндіктер алып келетін, Қазақстанда құнды қағаздар нарығын дамыту бойынша ауқымды үкіметтік бағдарлама – «Халықтық IPO» бағдарламасы басталды. жалғасы
20-04-2012
2012 жылдың 16 сәуірі мен 20 сәуір аралығында Алматы қаласында, Еуропалық Кеңестің «Қазақстанда туристік секторды дамыту - StreTo» жобасына сәйкес, шетелдік туристтерді Қазақстанға тарту бойынша еуропалық мамандермен бірге (Италия, Испания және Словения елдерінің сауда-өнеркәсіп палаталары) сауда-өнеркәсіп палаталары жүйелері қызметкерлеріне және туристік сектор өкілдеріне арналған оқыту семинары болып өтті. жалғасы
Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы Сіздердің назарларыңызға «Петербург-Стройсервис» ААҚ коммерциялық ұсынысын ұсынады:
«Петербург-Стройсервис» ААҚ жалға жылжымалы теміржол құрамын береді:
Вагон түрі
Құны, рубль/тәулігіне (ҚҚС-мен бірге)
2009-2010 жылғы шығарылым
2011-2012 жылғы шығарылым
Жабық
1800
2100
Жартылайвагон (люктік, асты жабық)
1700
1900
Платформа (24м-әмбебап, контейнерлік, ағаш материалдарын тасымалдаушы)
1700
1900
Платформа (14м-әмбебап, контейнерлік, ағаш материалдарын тасымалдаушы)
1700
1800
Цистерна (мұнай өнімдеріне арналған, СУГ және басқалар)
1800
2100
Хоппер (цементке, бидайға, минералды тыңайтқыштарға және т.б. арналған)
1800
2100
Самосвал (думпкар)
1900
2500
Жалға алудың мерзімі және көлеміне қарай жеңілдіктер жүйесі ұсынылады!
Бұдан басқа «Петербург-Стройсервис» ААҚ сатылымға жаңа жылжымалы теміржол құрамын ұсынады.
«Самсон-Плюс» АБҚ
Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы Сіздердің назарларыңызға Ресей Федерациясы Краснодар өлкесінің Ей аймақаралық сауда-өнеркәсіп палатасының мүшесі – «Самсон-Плюс» АБҚ-ның коммерциялық ұсынысын ұсынады.
Бүгінгі күнде «Самсон-Плюс» АБҚ – Краснодар өлкесінің Ей аймағындағы евронөмір меншіктелген жалғыз компания. Компания Қазақстан Республикасы тауар жеткізулерге балықты (көксерке) сүбе етке өңдеп, оған евронөмір меншіктеп ары қарай Тапсырыс беруші немесе Жеткізуші атымен Еуропа елдеріне жеткізуді ұсынады. Сондай-ақ компания балық өңдеу және тірі шаян сатып алу үшін серіктестікке дайын екендігін жариялайды.
«Фирма АКАНТ+К» АБҚ
Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы Украинаның Черкасск Сауда-өнеркәсіп палатасы мүшесінің іскерлік ұсынысын ұсынады:
«Фирма АКАНТ+К» АБҚ
Украина, 18008, Хоменко көш, 15, Черкассы қ.
Бас директор – Герасименко Сергей Дмитриевич
e-mail: herasimenko@ua.fm
www.akant-k.com.ua
Кәсіпорынның қызмет саласы: матрас-төсектер, серіппелі блоктар, сырылған сүлгілер өндірісі.
Меншік түрі: жеке
- Кәсіпорын банк несиелері, жеке және заңды тұлғалар инвестициялары негізінде бизнес-жобаны жүзеге асыру үшін инвесторлар іздестіреді.
- Жобаны жүзеге асыру шартында бизнесті жартылай немесе толығымен сату мәселесін қарастыруға дайын.
Кәсіпорынның ерекшелігі: «Покет Спринг» серіппелі блоктарында американдық желімсіз технология бойынша украина нарығындағы эксклюзивті матрас өндірісі, «Пилоу Топ» типіндегі матрастар шығару.
Қызығушылық туындаған жағдайда ОҚО АСӨП-на 8 (7252) 30-08-56 тел/факсі немесе info@ukottpp.kz, ttppuko@mail.ru бойынша жүгінулеріңізді сұраймыз.
FOTON LOVOL INTERNATIONAL HEAVY CO., LTD
Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы Сіздердің назарларыңызға келесі төмендегі компанияның коммерциялық ұсынысын ұсынады:
FOTON LOVOL INTERNATIONAL HEAVY CO., LTD (FOTON LOVOL H.I.) заманауи аса ірі кәсіпорын болып табылады, оның негізгі қызметтері инженерлік механизмдер, ауыл шаруашылығы жабдықтары мен вагондар шығаруға негізделген. Жалпы актив 4,5 миллиард долларды құрайды, 10 мыңнан астам жұмысшылары бар, соның ішінде басқарушы қызметте – 1117 адам, техникалық игеру бойына жұмысшылар – 850, нарықтық сату бойынша – 1090 адам. 2007 жылы өтімдік табысы 13,5 миллиард долларды құрады, соның ішінде шетел операциялары 11,5 %-ды құрады. Бірлестік үздіксіз түрде «Қытайдың ең қуатты кәсіпорындарының бірі», «Қытайда өндірілген ең қуатты кәсіпорындардың бірі» және т.с.с, ал өнімі құрметті «Қытайдың әйгілі белгісі», «тексерусіз мемлекеттік өнім» және т.с.с. атақтарын алып отырады.
Экспорттық тауарлардың қоры үздіксіз көбеюде, бүгінгі таңда 3 түрді құрайды: 30 сериядан астам инженерлік механизм, ауыл шаруашылығы жабдықтары, вагондар.
Беларусь Республикасының «Доля» ЖАҚ
Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасына біздің аймақтан потенциалды серіктестер іздеуге көмектесу сұранысымен Беларусь Республикасының «Доля» ЖАҚ жүгінді.
Компания коммуналды шаруашылық, энергетика және ғимараттар мен қондырғыларды қайта құру саласында технологиялар мен құрал-жабдықтар ұсынады.
Вакуумды әмбебап машиналар – сұйық тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтардан канализациялық құдықтарды, жалпақ қалақ шұңқырларды, жинақтаушы коллекторларды (тұндырғыштар), нөсерлі канализациялық торларды лайдан, сұйық қалдықтар мен лайды тасымалдау және оларды арнайы жабдықталған орындарға төгіп, зарарсыздандыру және пайдалану, сондай-ақ нөсерлі канализациялық және жалпы ағын торларды, құдықтарды гидродинамикалық тәсілмен тазалау және жуу, оларда тұрып қалған авариялық қалдықтарды жоюға арналған.
Сіздердің тараптарыңыздан қызығушылық туындағанда және толығырақ ақпарат алу үшін ОҚО АСӨП-на 8 (7252) 21-18-93, 21-40-28 тел/факсі немесе info@ukottpp.kz, ttppuko@mail.ru. бойынша жүгінулеріңізді сұраймыз.